«Университет аруы – 2023» байқауының екінші кезеңі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 наурыз 2023
  • 1035

«Университет аруы – 2023» байқауының екінші кезеңі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Университет аруы – 2023» байқауының екінші кезеңі ұйымдастырылды. Сайыстың бірінші кезеңінде білімді әрі талантты 10 бойжеткен іріктелген болатын. «Ас – адамның арқауы» атты бұл кезеңде қыздар дәмі тіл үйіретін тағамдар әзірлеп, көпшілікке ұсынды.

Шараға университеттің Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректордың м.а, Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева қатысты.

Университетте «Қыз Жібек» қыздар клубы 2013 жылы ашылды. Клубтың басты мақсаты – тәрбиелі әрі білімді, ұлтжанды, салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін қыздардың ортасын құру. Бүгінде қыздар клубы осы мақсатта жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.

Жәрмеңкеде бойжеткендердің еңбегін қазылар алқасы сараптап, қатысушыларға ас мәзіріне байланысты сұрақтар қойды. Нәтижесінде барлық қатысушы келесі кезеңге өтті.

«Университет аруы – 2023» байқауының финалдық кезеңі сәуір айында ұйымдастырылатын болады.

P2155387.JPG

P2155443.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...