Дзюдошылар марапат төрінен көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 наурыз 2023
  • 1018

Дзюдошылар марапат төрінен көрінді

Семей қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 16 облыстан барлығы 517 спортшы қатысты. 
Қызылорда облысының намысын қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінгендер қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері де бар. Атап айтсақ, 63 келі салмақта Ақтоты Зарип бақ сынаса, 78 келі салмақта Шынар Абатова тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қос спортшы өз салмақ дәрежелерінде жүлделі 3-орын иеленді. Айта кетейік, чемпионат 2003-2005 жылы туылған жастар арасында ұйымдастырылды. 
Спортшыларды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...