Сәндігүл Дәрібаеваның 60 жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 наурыз 2023
  • 1050

Сәндігүл Дәрібаеваның 60 жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының  академиялық доценті, педагогика ғылымдарының магистрі Сәндігүл Дәрібаеваның 60 жасқа толуына орай «Педагогика және дәстүрлі өнер» институтының академиялық сапа Кеңесі өтті.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның университет тарихында өз қолтаңбасын қалыптастырған тұлға екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және білікті мамандарды дайындаудағы еңбегі үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік оқытушысы» медалін табыстады.

Салтанатты шарада Сәндігүл Құлаханқызы облыс және қала әкімінің, облыстық кәсіподақ ұйымының  «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

IMGL3481.JPG

Педагог 1990 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасына оқытушы қызметінен қызмет жолын бастады.

Ғалымның халықаралық және республикалық деңгейде 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрген. Сондай-ақ, «Конфликт психологиясы», «Психологияны оқыту әдістемесі» атты оқулықтың және «Жалпы психология», «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру», «Адам күні адаммен» т.б. оқу-әдістемелік құралдарының авторы.

«Сәндігүл Құлаханқызы дәріс беру барысында қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланады. Студенттердің бойында кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру мақсатында  және  ғылыми ізденіс жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог мамандарға арналған лекциялар, семинар-тренингтер ұйымдастыруға белсене араласып, жастарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мақсатында маңызды жобаларды жүзеге асыруда»,-деді «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының  меңгерушісі Бақытжамал Бекжанова.

IMGL3495.JPG

IMGL3519.JPG

Ұстаз 2004-2022 жылдар аралығында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «аймақтық модератор» атағына ие болды. Осы салада елеулі еңбегі үшін бірнеше рет «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, ҚР Ұлттық ұланы  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.  Өңіріміздің білім беру саласын дамытуда, қоғамдық-мәдени, рухани-әлеуметтік жұмыстарында қол жеткізген табыстары мен елеулі үлесі үшін   Қызылорда облысы әкімінің, облыстық білім басқармасының, облыстық діндер басқармасының «Алғыс хаты» мен «Құрмет грамотасымен» және  «Қорқыт ата атындағы Алтын медалмен» марапатталған.

Айта кетейік, жиынға Сәндігүл Құлаханқызының замандастары, әріптестері, шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылар қатысты. Қатысушылар ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, басқосу «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасы  студенттерінің концерттік кешімен қорытындыланды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...