Ғалым Гүлбаршын Ерназарова – 50 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 наурыз 2023
  • 1198

Ғалым Гүлбаршын Ерназарова – 50 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбаршын Ерназарованың мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.

Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры  Жандос Базартай оқытушының білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты шарада Гүлбаршын Шаршыбекқызына білім беру қызметін дамытуда қоғамдық-мәдени, рухани-әлеуметтік жұмыстарында қол жеткізген табыстары мен елеулі үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.

IMGL4258.JPG

IMGL4275.JPG

Шараға Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Сара Қалмазанова, Қызылорда облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, «Шаттық» балабақшасының меңгерушісі Зафура Ерназарова қатысып, ғалымның қоғам дамуы үшін атқарған еңбегіне тоқталды.

– Киелі топырақтағы қара шаңырақ – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өз перзенттері, өз түлектерінің қоғам үшін жасаған еңбектерін ешуақытта ұмытпайды. Соның бір жарқын көрінісі бүгінгі салтанатты кештің  иесі деп толық айта аламыз. Өз өмірінің маңызды белестерін руханиятқа, қоғам дамуы мен ұрпақ білімінің толысуына жұмсап жүрген Гүлбаршын Шаршыбекқызының өмірі – кейінгіге үлгі-өнеге, – деді жиында кафедра меңгерушісі философия докторы (PhD) Бақытжамал Бекжанова.

Педагог – «Қазіргі қазақ тілінен бақылау жұмыстары», «Қазіргі шешендік өнер» оқу құралы мен 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

Айта кету керек, Гүлбаршын Ерназарованың жетекшілігімен 30-ға жуық магистрант магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шықты.

IMGL4060.JPG

IMGL4297.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...