«Continue» ашық есік күні өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 наурыз 2023
  • 1096

«Continue» ашық есік күні өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Continue» ашық есік күні өтті.

Шарада колледж бітіруші түлектеріне мамандар ЖОО-на оқуға түсу бойынша бағыт-бағдар беріп, мамандықтарды кеңінен таныстырды.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай  сұранысқа сай маман болу  жолында жоғары білімнің  маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, университет отандық жетекші жоғары оқу орындарының арасында лайықты орын алып отырғанын, осы кезге  дейін қоғам мүддесі үшін 80 мыңға жуық кәсіби маман даярланғанын жеткізді.

Сондай-ақ, «Рекрутинг және мансап» басқармасының маманы Асқат Мырзабай «Қорқыт ата университетінің 7 артықшылығы» презентациясымен, университет докторанты Дархан Орынбеков «Оқуға қабылдаудың шарттары мен ережелері» туралы презентациямен таныстырды.

6.JPG

7.JPG

Ал «Кәсіпкерлік» орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев студенттердің бизнес бастауы, тұлғалық даму тақырыбына тоқталды.

Айта кету керек, жоғарғы оқу орны еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім беруді басты назарда ұстайды. Университетте 115 білім беру бағдарламасы бар. Оның ішінде – бакалавриат бойынша 66, магистратура бойынша 36, докторантура бойынша 13 бағдарлама арқылы мамандар даярланады. Сондай-ақ, 5 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді.

Білім ордасы құрылғалы бері қоғам мүддесі үшін 80 мыңға жуық кәсіби маман даярланды. Өңір экономикасы салаларындағы мамандардың 80 пайызға жуығы университетіміздің түлектері. Олар ел дамуына үлес қосып, өз университетінің дәрежесін көтеріп жүр.

8.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...