Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы әлемдік көшбасшы -ASIIN семинары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 сәуір 2023
  • 961

Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы әлемдік көшбасшы -ASIIN семинары

Университет қызметкерлері инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Германия агенттігі ASIIN (Германия) ұйымдастырған «Орталық Азия университеттеріндегі сапаны ішкі қамтамасыз етудің болашағы - үрдістер мен жауаптар» атты халықаралық семинарға қатысты. Семинарда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның 60-тан астам жоғары оқу орындарының өкілдері тәжірибе жинақтады.

ASIIN сапаны қамтамасыз ету саласындағы халықаралық тізілімдер мен қауымдастықтарға кіретін беделді аккредиттеу агенттіктерінің бірі болып табылады және әлемнің 46 елінде табысты жұмыс істейді. Осы агенттік арқылы халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары әлемдік аренада білім сапасының жоғары деңгейін растайды.

14.png

15.png

Аталған семинар аясында ASIIN басқарушы директоры Иринга Вассер, Берлин техникалық университетінің экс-вице-президенті Ганс Гейс, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Стратегия және даму департаментінің директоры Марина Погребицкая, Орталық Азиядағы ASIIN өкілі Ирина Ефимованың баяндамалары тыңдалды.

Спикерлер халықаралық деңгейде аккредиттеудегі жаңа трендтерге, жоғары оқу орнының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін қалыптастыру тәсілдеріне және ASIIN-мен аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының артықшылықтары туралы мәселелерді қозғады.

Қарастырылып отырған сұрақтар ЖОО өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ көптеген сұрақтарға жауап берді. ЖОО өкілдері ASIIN стандарттарымен және рәсімдерімен, халықаралық аккредиттеуге дайындық бойынша ұсыныстарымен, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ASIIN арқылы халықаралық аккредиттеу рәсімінен өту тәжірибесімен танысты.

Семинарда алынған ақпарат Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануы бойынша одан әрі жұмыстарға көмектеседі. 

16.png

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...