Қыздар футзал командасы жеңімпаз атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2023
  • 956

Қыздар футзал командасы жеңімпаз атанды

Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студент қыздар арасында футзалдан облыстық ашық біріншілік өтті. Турнирге 6 команда қатысып,  100-ге жуық спортшы өзара бақ сынасты.
Тартысты доданың қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің командасына І орын табысталды. Ал, «Болашақ» жоғары колледжінің командасы ІІ орын, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің командасы ІІІ орын иеленді.
Жарыста ерекше ойын өрнегін көрсеткен оқу орнының 1 курс Айдана Төлеу «Үздік сұрмерген» номинациясымен марапатталды. Ал «Үздік ойыншы» номинациясына 3-курс студенті студенті Жансая Көпжанова лайық деп танылды. 
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Барлық жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

17.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...