Жаратылыстану институты – футзалдан студенттер лигасының жеңімпазы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2023
  • 841

Жаратылыстану институты – футзалдан студенттер лигасының жеңімпазы

Қызылорда облыстық әуесқойлар футбол лигасының ұйымдастыруымен биыл алғаш рет футзалдан студенттер лигасының қысқы маусымы өтіп, мәресіне жетті.
Қаңтар айында бастау алған бұл лигаға 6 команда қатысып, барлығы 120-ға жуық спортшы бақ сынады. 
Үш айға созылған студенттер лигасы өте тартысты өтті. Жарыс нәтижесінде І орынды  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаратылыстану институты командасы, ІІ орынды Абылайхан атындағы жоғары колледжі, ІІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі иеленді.
Сонымен қатар лига бойы ерекше ойын өрнегін көрсеткен үздіктер төмендегідей номинацияларға ие болды: 

18.jpeg

19.jpeg

Үздік сұрмерген – Әлішер Амир
("Жаратылыстану институты")

Үздік қақпашы – Нұрсұлтан Қуанышов
("Абылай хан жоғары колледжі")

Үздік қорғаушы – Ерсұлтан Ұлан
("М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі")

Үздік ойыншы – Мейірлан Мәкен
("Қорқыт ата құрамасы")

Барлық жеңімпаз және жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...