«Төлен Әбдіктің парасат әлемі» атты интеллектуалды сайыс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2023
  • 952

«Төлен Әбдіктің парасат әлемі» атты интеллектуалды сайыс өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» атты интеллектуалды сайыс өтті. 
Сайыста студенттерден құралған «Ақиқат»  және «Оралу»  топтары 4 кезең бойынша бақ сынап, жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармашылығы  аясында дайындалған сұрақтарға жауап берді. 
Алғашқы «Таным» кезеңінде білім алушылардың жазушы жайындағы білімі сараланды.

WhatsApp Image 2023-04-07 at 12.05.03.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-07 at 12.05.02.jpeg

Ал, «Әңгіме әлемінде...» кезеңінде жазушының әңгімелері мен повестері бойынша тапсырмалар берілсе, «Қиялыңа қанат бітір» кезеңінде қатысушылар берілген жағдаяттарды өз қиялымен аяқтады. 
Төртінші кезең – «Жазушыға жақын бол. Үй тапсырмасы». Білімгерлердің техникалық тұрғыдағы артықшылықтарын осы бөлім көрсетті.  Себебі, бұл кезде қатысушы топ Төлен Әбдіктің «Әке» шығармасы негізінде бейнетуынды жасап, оны экраннан көрсетті.  

Әдеби шараны Гуманитарлық-педагогикалық институты,  «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының жанындағы «Журналист» үйірмесі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасының ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2023-04-07 at 12.05.03 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...