Өндіріс тарланына құрмет көрсетілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 28 сәуір 2022
  • 1623

Өндіріс тарланына құрмет көрсетілді

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ  Басқарма төрағасының  орынбасары  Ғалым Баймановтың  63 жасқа толуына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры м.а. Абайбек Жүнісов пен ғылым департаментінің директоры Қали Омаров арнайы құттықтады. 

Кездесу барысында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімованың құттықтау адресаты табысталып, қазақ дәстүрмен иығына шапан жабылды.

Ғалым Дүйсенбайұлы еліміздің мәдениеті мен руханиятының, білімі мен ғылымының  жанашыры ретінде зиялы қауымға жақсы таныс. Қандай қызметте жүрсе де ел мүддесін ту ете білген азамат.

Ол Құмкөл кенішін игеру жұмыстарының басталуына байланысты 1988 жылы наурызда «Маңғышлақмұнай» ӨБ-дегі қызметінен туған жерге ауысты. Содан кейінгі еңбек жолында Құмкөл терең пайдаланымдық бұрғылау экспедициясының бұрғылау шеберінен «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-ның вице-президенті (1995ж.)лауазымына дейін көтерілді.

1996-2000 жылдары «ХаррикейнКұмкөлМұнай» АҚ–да екі басқарманың басшысы болды. Үкімет шешімімен 1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құрылған кезде қайта ұйымдастырылған инженерлі-экологиялық факультетінің оқу-зертханалық тұрғыда қалыптасуына, ғылыми-әдістемелік дамуына елеулі үлесін қосты. Әр жылдары Мұнай факультетінде мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы болып, өзінің мол өндірістік тәжірибесін білім алушылармен, әріптестерімен және жас мамандармен аянбай  бөлісіп отырды. Осынау  қолдауын  әлі де жалғастырып келеді.

Ғалым Байманов ҚР Президенті жарлықтарымен «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. ҚР Ұлттық инженерлік  академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, 2015 жылдың үздік инженері, Сырдария ауданының құрметті азаматы, Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері, Жер қойнауының құрметті барлаушысы.

Университеттің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру,  кадрлар даярлау сапасын арттырудағы ерен еңбегі үшін 2009 жылы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры» атағы берілген.

Ғалым Дүйсенбайұлына қажымас қайрат пен шығармашылық шабыт, отбасына бақ-береке,  мықты денсаулық  тілейміз!   

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...