Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған жиын өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 сәуір 2023
  • 1043

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған жиын өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған «Сұлтан Бейбарыс – қазақ халқының мақтанышы және оның дипломатиясы» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Жиынға еліміздегі ЖОО ғалымдары мен білім алушылар қатысты.

IMGL6330.JPG

IMGL6331.JPG

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Өтеубай Қожақұлы Сұлтан Бейбарыстың асқан ақылымен, даналығымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілгенін атап өтіп, батыр бабамыз жайлы тарихи деректермен таныстырды.

Ал, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы Аягөз Нұрманова Сұлтан Бейбарыс тұлғасы және оның мамлюктік Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасын дамытудағы рөліне тоқталды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Халықаралық қатынастар» факультеті,  Шығыстану кафедрасының профессор м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Зибагүл Ілиясова Сұлтан Бейбарыстың арабтілді дереккөздері мен тарихнамасы туралы тың деректермен бөлісті.

Жиында өзге де ғалымдар тарихи тұлға туралы жаңа ақпараттармен таныстырып, қатысушылар пікір алмасты.

IMGL6338.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...