Шетелдік ғалым бір ай бойы дәріс өткізеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 сәуір 2023
  • 920

Шетелдік ғалым бір ай бойы дәріс өткізеді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде А.Н.Туполев атындағы Қазан ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің ғалымы Искандер Гилманшин білім алушыларға дәріс жүргізуде.
Қазіргі таңда оқу орны шетелдік ЖОО-лармен ынтымақтастық байланыс орнатып, білім алушылар мен профессор-оқытушылардың кәсіби біліктілігн шыңдауға зор мүмкіндік қарастырған.
Осы орайда, техника ғылымдарының кандидаты Искандер Рафайлевич «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арнайы сабақтар өтіп, зерттеу жұмыстарына жеке кеңес беруде. Бұдан бөлек, университеттегі күн, жел электр станциясында ғылыми тәжірибе нәтижелері бойынша магистранттарға ғылыми мақала дайындауға, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүзеге асыруда өз тәжірибесімен бөлісуде. 
Искандер Гилманшин – А.Н.Туполев атындағы Қазан ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті, Автоматика және электронды аспаптар институтының «Электр жабдықтары» кафедрасының доценті. Ғалымның 127-ден астам мақаласы жарық көрген. Ресей Федерациясындағы 5 патенттің авторы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...