Әділет департаментінің өкілдері студенттермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2022
  • 1727

Әділет департаментінің өкілдері студенттермен кездесті

Облыстық  Әділет департаментінің өкілдері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Жиынға облыстық Әділет департаментінің басшысы И.Бакишева, облыстық нотариаттық палата төрайымының орынбасары Б.Бекетова, Қызылорда облысы адвокаттар төралқасының мүшесі, адвокат А.Жиенқожаева, Жеке сот орындаушылар өңірлік  палатасының төрағасы, жеке сот орындаушы К.Десятниченко.

Қорқыт ата атындағы университетің құқықтану кафедрасының меңгерушісі Е.Алтаев және заң факультетінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында Ирина Жұмабайқызы Әділет департаментінің негізгі қызметтері, мақсаты мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірді. Ал  Кирилл Викторович өз саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берсе, Бибінұр Ілескенқызы «Кімдер нотариус бола алады» тақырыбында түсіндірме жасап, Алина Төлегенқызы «Адвокат болу жолдары» тақырыбында мәлімет берді.

Қазір қоғамның қай саласы болса да, заңдылықпен, тәртіппен реттеледі. Орын алған қандай да бір проблема болмасын, оның соңы заңды түрде шешуге келіп тіркеледі. Сондықтан да, мамандар білікті, сауатты, жауапкершілігі мол заңгер болу, қазіргі қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, болашаққа нық сеніммен қадам басу қажеттігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Әділет органдарының саласына қатысты қосымша заң кеңестері қажет болған жағдайда 119 құқықтық ақпарат орталығына хабарласып, сұрақтарға жауап алуға болатындығы хабарланды.

Іс-шара барысында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып (жеке сот орындаушы болу жолдары, нотариустан тағылымдамадан өту үшін, тағылымдамаға қабылдаушы нотариустың жұмыс стажы қанша жыл болуы керек, айыппұлды төлемеген жағдайда қандай шаралар қолданылады, тәркілеуге қандай заттар жатқызылады және т.б) сала мамандары жауаптарын берді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...