Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен сабақ өткізілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 сәуір 2023
  • 858

Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен сабақ өткізілді

Коркыт ата атындағы Қызылорда университетінде Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен екі апта бойы бірлескен онлайн сабақ жүргізілді. 
Онлайн сабақты ZOOM платформасында «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Ж.Айлауова мен Ж.Дарибаева ұйымдастырып, оқу үдерісіне екі университеттен 60 студент қатысты. Сабақта екі жақты бекітілген силлабус бойынша “Traditions and customs”, “Youth interests”, “Holidays”, “Beliefs and superstitions”, “Manners” тақырыптары қамтылды. Екі апта бойы қос университеттің студенттері өзара тіл табысып, әлеуметтік желі арқылы топ құрып, пікір алмасты.  

WhatsApp Image 2023-04-12 at 12.03.54 (1).jpeg

Бұл сабақтар шетелге шықпай-ақ, интернационаландыру жүйесін жүзеге асыруға болатынын және студенттердің лингомәдени, мәдени, кросс-мәдени құзыреттіліктерін дамытуға болатындығын дәлелдеді. 

Айта кету керек, бірлескен оқу үдерісі АР14872046 «Жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілді.

Алдағы уақытта “үйдегі интернационаландыру” жүйесі негізінде Газиосманпаша (Түркия) және Гонконг педагогикалық университеттерімен (ҚХР) бірлескен онлайн сабақтарды жүргізуді жоспарлануда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...