Тамшылатып суару – тиімді әдіс
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 12 сәуір 2023
  • 1035

Тамшылатып суару – тиімді әдіс

12 сәуір – ғылым күні қарсаңында «Биология, география және химия» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов жастарды ғылымға баулып, ауылшаруашылығының қыр-сырын меңгерту мақсатында білім алушыларымен бірге ғимараттың алдына тамшылатып суару құрылғыларын орнатты.

Тамшылатып суару – суды жіңішке құбырлар арқылы өсімдіктің тамырына жіберу немесе жердің үстіңгі бөлігіне суды бұрқасындатып шашу арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл әдісті қолданудағы мақсат –  су шығымдылығын азайтып, ғимараттың алдын көгалдандыру және білім алушыларды машықтандыру.

Бүгінгі күннің талабына сәйкес, агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетi қойылғаны белгілі. Еліміздегі егіншілер қауымы бүгінде ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Осы әдіске көшкелі бері Қазақстанның әр түрлі аймағында егін шаруашылығы жан-жақты дами бастады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...