Бітіруші түлектерге арналған форсайт-сессия өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 сәуір 2023
  • 982

Бітіруші түлектерге арналған форсайт-сессия өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Инженерлі-технологиялық институтында «Болашақ түлектің бейнесі» тақырыбында форсайт – сессия өтті. 
Университет және жұмыс берушілер кеңесімен бірлесіп, болашақ бітіруші түлектің идеалды бейнесін қалыптастыру мақсатында өткен шараға кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар, білім алушылар және жұмыс берушілер қатысты.

WhatsApp Image 2023-04-12 at 21.40.08.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-12 at 21.40.04.jpeg

Жұмыс берушілер тарапынан «Кендор» ЖШС, "СК И МОНТАЖ-СТРОЙ" ЖШС, «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК» Қызылорда филиалы, «GRAND MASTER» ЖШС, ІТ park, «Хорасан-У» ЖШС, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы, «Сыр Аралы сараптама» ЖШС, «ECO GUARD» ЖШС, ҚОР мұнай компаниясы, қалалық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшылары мен өкілдері келді. 
Кездесу аясында қазіргі бітіруші түлектің бейнесін сипаттау, еңбек нарығындағы қажетті мамандардың трендтері мен дағдыларын анықтау, соның нәтижесінде болашақтағы бітіруші түлектердің моделін қалыптастыру бағыттары талқыланды.

Айта кету керек, форсайт – сессияға белсенді қатысқан «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығының студенті Рая Жантөрені «Кендор» ЖШС эколог маман ретінде жұмысқа қабылдады. Рая білім ала жүріп, өз мамандығы бойынша қызмет ететін болады.  Алдағы уақытта кездесулер университеттің әр институтында жалғасын тауып, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы үшін мүмкіндік алаңына айналмақ.

WhatsApp Image 2023-04-12 at 21.40.11.jpeg

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...