Мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарымен кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 сәуір 2023
  • 1022

Мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарымен кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1-курс студенттеріне арналған «Мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдары» тақырыбында сабақ өтті. Дәрістің мақсаты – білім алушылардың «Құқық қорғау қызметі» пәнінен алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Кездесуге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Талғат Ертуғанов, кадр саясаты басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Айдархан Жаппар, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Олжас Ахметов және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Айдын Жүсіпназар қатысты.
Сала мамандары сабақ барысында студенттерге Мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының жұмысы мен органға жұмысқа тұру тәртіптері жөнінде, сондай-ақ өздерінің қызметке келу жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.  Сонымен қатар, өрт болған жағдайдағы эвакуация ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, мамандар жауабын тыңдады.

WhatsApp Image 2023-04-14 at 10.50.13.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-14 at 10.50.13 (1).jpeg

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...