Түлектерді жұмыспен қамту – басты назарда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 сәуір 2023
  • 933

Түлектерді жұмыспен қамту – басты назарда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бітіруші түлектері жұмысқа орналасу бойынша сала мамандарымен кездесті. Жиында алғашқы жұмыс орнын таңдау, жастарға мемлекет тарапынан берілген мүмкіндер туралы айтылды.

WhatsApp Image 2023-04-14 at 11.11.00 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-04-14 at 11.11.01 (1).jpeg

Кездесуде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұржан Өмірзақов пен қалалық жұмыс пен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай Самыратов «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Ұрпақтар сабақтастығы» жобалары мен жастарға арналған жеңілдетілген несие бойынша ақпарат берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алған түлектерге 3 жыл жұмыспен өтеу міндеті туралы білім алушыларға «Қаржы орталығы» АҚ Мониторингілеу департаментінің аға маманы Арман Темірбаев ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойды. Түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған мұндай кездесулер тұрақты түрде жүзеге асып келеді.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...