«Ғылым және білім: Трендтер мен даму мүмкіндіктері»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 18 сәуір 2023
  • 879

«Ғылым және білім: Трендтер мен даму мүмкіндіктері»

Ғылым декадасы аясында Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен өтетін іс-шаралар жалғасуда. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 15-17 сәуір аралығында «Ғылым және білім: даму трендтері мен перспективалары" атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Шара аясында филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және Алтайтану ғылыми зерттеу институтының атқарушы директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Шаймерденова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Меңдіғаным Шаймерденова, филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ доценті Джемма Аманжолова дәрістер оқыды.

Профессор Нұрсұлу Шаймерденова «Бүгінгі ғылыми-зерттеу жұмысы: Не туралы жазу керек және қалай жазу керек?», «Түркология және Алтайтану ғылыми-зерттеу институты: Зерттеу бағыттары, тұлғалар, еңбектері» тақырыбында баяндама жасады.

WhatsApp Image 2023-04-18 at 12.29.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-04-18 at 12.29.39.jpeg

Айта кету керек, биыл Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында ауқымды шаралар өткізілуде. Мерейтой аясында Халықралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор Меңдіғаным Шаймерденова «Оның есімі біздің жүрегімізде және жұмысымызда – Қазақстанның Халық Комиссары Темірбек Жүргенов», сондай-ақ «ЖОО-дағы жобалық қызмет: Идеядан нақты іске дейін» атты баяндама жасады.

Доцент Джемма Аманжолованың баяндамалары «Ғылыми баяндаманың риторикасы: Ерекшеліктері мен тәсілдері» және «Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігі: Балалар кітабы және функционалдық сауаттылық» тақырыбына арналды.

Семинарға біздің университеттің «Орыс тілі мен әдебиеті», «Тарих» білім беру бағдарламаларының докторанттары, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысып, тәжірибе алмасты.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...