«Ағылшын тілі» пәні бойынша облыстық олимпиада өз мәресіне жетті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 сәуір 2022
  • 1666

«Ағылшын тілі» пәні бойынша облыстық олимпиада өз мәресіне жетті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына орай Шетел тілдері және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі» пәнінен облыстық олимпиада өтті.  Олимпиадаға қатысуға 202 оқушы өтінім берді. 

Білім бәйгесінің алғашқы кезеңі университеттің e-univer (e-univer.korkyt.kz) базасы арқылы жүргізілді. Талапкерлер ағылышын тілі бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, жоғары көрсеткішке ие болған оқушылар 2-кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың ІІ турында бітіруші түлектер 6 тақырыптың бірін таңдап, 300 сөзден тұратын эссе жазды.

Нәтижесінде III орынды Қармақшы ауданы, Ақай ауылының №279 орта мектеп оқушысы Алина Әбдіхалықова, №15мектеп-лицей оқушысы Сымбат Құрманалиева, №11 мектеп-лицей оқушысы Ұлдана Қылышбай иеленді. Ал II орынды №11 мектеп-лицейінің оқушысы Әмина Базарбаева мен №15 мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Нүркен теңдей бөлісті. Олимпиада жеңімпазы атанған №15мектеп-лицейінің оқушысы Шұғыла Әніске  Ректор гранты берілді.

Сонымен қатар, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі Айжан  Мақашева оқушыларды дәрісханалармен таныстырып, оқу орны туралы ақпарат берді. «Lakehead» университетінің профессоры Сет Агбо 112-лингафондық кабинетте мектеп оқушыларына шет елдегі білім беру жүйесі туралы дәріс оқыды. Академиялық ұтқырлық бойынша Польша елінің Лодзь университетінде білім алған студенттер презентация жасап, өз әсерлерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар қызықтырған сауалдарын қойып, мамандардан кеңес алды.  

Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, естелік суретке түсті.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...