Унверситетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 сәуір 2023
  • 868

Унверситетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Энергия және ресурстар үнемдеу технологиялары: тәжірибелер және келешегі» тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында Ресей, Португалия, Өзбекстан, Болгария елдерінің зерттеуші-ғалымдары басқосты.

Модератор Халықаралық және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева университеттің ғылым саласындағы соңғы жетістіктеріне тоқталып, өзекті мәселелерді ойталқыға салатын жиынның маңыздылығын атап өтті.

IMGL7985.JPG

IMGL8017.JPG

Жиында А.Н.Туполев атындағы Қазан ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры Искандер Гильманшин, Португалиядағы Лузофон университетінің профессоры Сергей Любчик, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының профессоры Обид Турсунов, Болгария Республикасы химия-технологиялық және металлургиялық университетінің профессоры Димитар Карайванов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары Темірхан Қойшиев пен Нұрбол Аппазов баяндама оқыды. Баяндамашылар күн радиациясын модельдеу, машина жасауды дамыту, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу сынды өз зерттеулерімен бөлісіп, шетелдік және отандық тәжірибелерді талқылады.

Конференция соңында қатысушылар ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Айта кетейік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Ғылым декадасы аясында ұйымдастырылды.

IMGL8015.JPG

IMGL8020.JPG

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...