Республикалық спорт лигасында ІІІ орын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 сәуір 2023
  • 870

Республикалық спорт лигасында ІІІ орын иеленді

Волейболдан қыздар командалары арасында өткен Қазақстан Республикасының «Студенттік спорт лигасында» Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрамасы ІІІ орын иеленді.
Университет спортшылары аймақтық сында Түркістан, Тараз облысы, Шымкент қаласындағы ЖОО-лардың командаларынан басым түсіп, республикалық сайысқа жолдама алған болатын.
Студенттік спорт лигасының шешуші ақтық сайыстары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде өтті. Оған аймақтық іріктеуден өткен 10 ЖОО-ның командалары қатысты. 
Сайыста оқу орнының құрамасы өткен жылы чемпион атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен 3-0 есебінде басым түсіп, жүлделі орынға қол жеткізді. 
Лигада студент Ұлпан Дайрабаева «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша марапатталды.

IMG_6346.JPG

IMG_6663.JPG

WhatsApp Image 2023-04-20 at 12.09.22.jpeg
Команданың бапкері – «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Серік Бакенов.
Айта кету керек, волейболдан қыздар командалары арасында республикалық  спорт лигасы 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Спорттық шараға университет арулары бірінші рет қатысты.
Жеңімпаз атанған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...