Республикалық пәндік олимпиадада ІІ орын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 сәуір 2023
  • 1116

Республикалық пәндік олимпиадада ІІ орын иеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» бағыты бойынша ХІІІ республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада барысында әр команда өз университеті жайлы мәліметтермен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанның музей ісі саласындағы соңғы жаңалықтар, виртуальді музей және осы бағыттағы жаңа қосымшалар жайлы ғылыми жоба қорғады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жанкент» командасы  Қызылорда облысы Қазалы ауданында орналасқан Жанкент қаласы жайлы ақпараттар беріп, ашық аспан астындағы музейлендіру мәселесі, қайта қалпына келтірілген нысандар жайлы, туризмді дамытудағы іс-шаралар туралы пікірлер білдірді.

WhatsApp Image 2023-04-20 at 13.04.19.jpeg

WhatsApp Image 2023-04-20 at 13.04.20.jpeg

Олимпиаданың нәтижесі бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жанкент» командасы ІІ орын иеленді.  
«Жанкент» тобының студенттері –Рамазан Әлтаев, Саят Нұрділдә, Манасбай Қайырбек.

Команданың ғылыми жетекшісі – гуманитарлық ғылымдар магистрі, Тарих кафедрасының оқытушысы Ыслам Құрманиязов.

Олимпиадаға 7 команда қатысты. Атап айтсақ, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен 1 команда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 2 команда, Қазақстан-Ресей медицина университетінен   1 команда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 2 команда, Қорқыт ата университетінен Қызылорда университетінен 1 команда қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – «Археология және этнология», «Тарих» «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби әлеуетін дамыту.   

 

   Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...