Студенттер тамақтану физиологиясы туралы семинарға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 сәуір 2023
  • 985

Студенттер тамақтану физиологиясы туралы семинарға қатысты

Ғылым декадасы аясында «Қазіргі қоғамдағы диеталық терапия ретінде аурулардың алдын алу мен емдеудегі тамақтану» атты семинар өткізілді. 
Шараға «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер қатысып, денсаулық сақтау талаптары, дұрыс тамақтану туралы баяндама жасап, презентациямен таныстырды.

Семинарда «Дизайн және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жұлдыз Смайлова тамақтану физиологиясының маңыздылығына тоқталды.

IMG-20230418-WA0107.jpg

1045963.jpg

Айта кету керек, шарада бірінші топқа біріккен студенттер - Маликайдар Қалдыбек, Ақназар Шұғыла, Әлайдарова Динарида, Кеңесбекова Сафура, Нұрсұлтан Ақбота «Функционалды тамақ - адам ағзасын сауықтыру факторынын негіздері» тақырыбында презентациямен таныстырды.

Ал екінші топ студенттері - Мұратбаева Жансая, Қуанышбекқызы Назым, Нағмашова Айбану, Сағындықова Ақниет «Денсаулық пен ұзақ өмірді  дұрыс тамақтану арқылы қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Үшінші топ студенттері - Еркін Жақсыгүл, Нәни Гүлнұр, Әбдіқани Айна, Абдрай Лаура, Өмірзақ Айгерім, Аяп Нұрлы «Салауатты тамақтануды   адамның салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде қарастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында студенттер сұрақ-жауап алмасып, өзара пікірлерімен бөлісті.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...