Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы ACESYRI жобасы бойынша Консорциум мүшелерінің үйлестіру кездесу-семинары өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 сәуір 2023
  • 929

Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы ACESYRI жобасы бойынша Консорциум мүшелерінің үйлестіру кездесу-семинары өтті

Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы бойынша «Информатика саласындағы PhD докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (ACESYRI) жобасының үйлестірушісі Словакияның Жилин университеті консорциумның барлық мүшелерін үйлестіру кездесу-семинарына жинады.

Пандемиядан кейін жобаға қатысушылар Еуропада алғаш рет кездесті. Үйлестіру кездесуінде Менеджмент және информатика факультетінің деканы профессор Эмиль Кршак, сондай-ақ жоба үйлестірушілері профессор Елена Зайцева мен профессор Виталий Левашенко құттықтау сөз сөйледі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің командасы атынан компьютерлік ғылымдар  кафедрасының меңгерушісі Нұрбек Қоңырбаев және халықаралық жобалар және стипендиялық бағдарламалар жұмыс тобының жетекшісі Темірболат Кеншінбай қатысып, есепті кезеңде жоба бойынша атқарылған жұмыстар туралы презентация жасап, есеп берді. Семинар барысында жоба пакеттерінің басшылары сөз сөйлеп, жобаның барлық жұмыс пакеттерін орындау параметрлері талқыланды.

ecd1f9e6-6bb5-4879-a19c-16170477f116.jpg

2918dece-0e55-45ba-a227-cc72902bee02.jpg

Консорциум мүшелері екі күн ішінде Жилин университетінің зертханасында ACESYRI порталының функционалын пайдалану бойынша тренингтен өтті. Жобаның барлық командалары есепті кезеңде әрбір жұмыс пакеті бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді, сұрақ-жауап сессияларына қатысты. Талқылау барысында порталды дамыту, университеттердің әріптестігін тереңдету, жобаның нәтижелері мен жетістіктерін тарату және тану, мониторингтің сапасы мен процестерін қамтамасыз ету, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бүкіл жобаның жұмыс пакеттерін орындау кезіндегі рәсімдер мен ықтимал тәуекелдер бойынша ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, қаржылық мәселелер, 2023 жылға арналған іс-шараларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

Алдағы уақытта PhD докторанттары, магистранттар мен жас оқытушылар үшін семинар, конференция, жазғы мектептер өткізу жоспарланды. Олар Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да, Сүлейман Демирел университетінде, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде, Лодзь университетінде (Польша), Жилина университетінде (Словакия), Лотарингия университетінде (Франция) өткізілетін болды.

  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...