Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі оралды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 мамыр 2022
  • 1501

Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі оралды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы, «Гидравлика» және «Гидрология» пәндері бойынша студенттерге арналған XIV республикалық пәндік олимпиада өтті. 

Олимпиада Қазақстан университеттерінің студенттері арасындағы кәсіби байланысты дамытуға арналған. Сондай-ақ, ауқымды шара жастар арасында су ресурстары бакалавры мамандығының беделін арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеті мен белсенді кәсіби позициясын дамытуға негізделген.

Республикалық пәндік олимпиадаға төрт жоғары оқу орнынан барлығы 16 студент қатысты.

Білімділер бәйгесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,  «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасынан Аружан Абызбай мен Назерке Омарбек бақ сынады. Студенттердің ғылыми жетекшісі – аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бауыржан Отарбаев.

Жеке көрсеткіш бойынша үздік нәтиже көрсеткен Аружан Абызбай ІІ орын, Назерке Омарбек ІІІ орын иеленді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...