Студенттердің ғылымдағы жетістіктері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 сәуір 2023
  • 876

Студенттердің ғылымдағы жетістіктері

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті студенттерінің арасындағы «Ғылым мен білімнің цифрлық трансформациясы тұрақты және инновациялық даму жолында» атты XXV дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференция аясында «Өндірістік маңызы бар жоба» номинациясымен «Тәтті әлем» үйірмесі марапатталды. Көрмеге жаңа технологиямен дайындалған ұлттық тағамдар бойынша дессерттер мен сусын түрлері қойылды. Атап айтсақ, дәруменмен байытылған емдік «Сарысу» сусыны жобасы ұсынылды. Айта кетейік, «Адам ағзасына пайдалы дәрумендермен байытылған емдік сарысу сусынын дайындау технологиясы» бойынша ұсыныммен 24 сәуір күні сусынға авторлық куәлік берілді.

Сонымен қатар, байқауда «Азық түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша  педагогика ғылымдрының магистрі, аға оқытушы Гүлжазира Әбдіхайымованың жетекшілігімен Қарақат Оңғар үздік баяндама жасап,  І орын иеленді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...