Профессор Ғабит Тұяқбаев министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 сәуір 2023
  • 1377

Профессор Ғабит Тұяқбаев министрдің Құрмет грамотасымен марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен аппарат мәжілісінде профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Әнешұлына құрмет көрсетілді. Басқосуда Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова ғалымның университет дамуы жолындағы елеулі еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы мен университет адресатын табыстап, қазақы дәстүр бойынша шапан жапты.

Ғабит Тұяқбаев - 2003 жылы профессор Б.Кәрібозұлының жетекшілігімен «Қаңлы Жүсіп Қадырбергенұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2009 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы, университет ректорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

34.JPG

35.JPG

2013 – 2021 жылдары Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Ғабит Әнешұлы - 100-ден астам ғылыми-публицистикалық мақаланың, 3 монография, 1 оқу құралы мен 1 кітаптың және 2 сөздіктің авторы. Ғалымның құрастыруымен 8 кітап жарыққа шыққан.

Ғабит Әнешұлы «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

«ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, облыс әкімінің Алғыс хаты және арнайы Дипломымен, университеттің «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалі» және «Үздік түлек» төсбелгісімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен  марапатталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...