Университет ғалымдары марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 сәуір 2023
  • 885

Университет ғалымдары марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімованың қатысуымен Ғылыми Кеңес өтті. Жиында еліміздің ғылым саласына сіңірген еңбегі және университеттің стратегиялық дамуына үлес қосқан бірқатар ғалымдар марапатталды. 
Атап айтсақ, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі Лаура Тохетова «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Әбділда Төрешбаевқа, профессор, техника ғылымдарының докторы Бахытжан Джанмулдаевқа, доцент, техника ғылымдарының докторы Сәкен Үдербаев пен Жаратылыстану институтының директоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаевқа табысталды. 
Бұдан бөлек, профессор, техника ғылымдарының кандидаты Панабек Таңжарықов, қауымдастырылған профессор, философия докторы Нұрбек Қоңырбаев және қауымдастырылған профессор, философия докторы Жаннат Сапарқызы ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.  Ал Бейбітшілік әлемі халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі Дипломы мен «Халық мұғалімі» медалі экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенұлына берілді.

44.JPG

45.JPG
 
Алдағы уақытта ғалымдарымыз ел дамуы мен білікті маман даярлауда өз үлестерін қоса берері сөзсіз.  Марапат иелерін құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...