«Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда облыстық штабы «Үздік Штаб» номинациясын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 сәуір 2023
  • 938

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда облыстық штабы «Үздік Штаб» номинациясын иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Астанада өткен «META MEET» XIX Республикалық студенттер шақырылымына қатысты. Жиын «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ ұйымдастыруымен өтті.
 
«Қазақстан студенттерінің Альянсы – студенттердің әлеуметтік және мәдени дамуы саласында жұмыс істейтің және студенттердің мүдделерін қорғаумен айналысатын үлкен ұйым. Қазіргі уақытта облыстық штабта 500-ге жуық студент бар. Оның 100-ге жуығы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары. Біздің ұйым салауатты өмір салтын қолдайтын және саяси, әлеуметтік, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын көптеген шығармашылық, креативті, ерекше жастардан құралған», - деді облыстық штаб жетекшісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Сабыржан Қуандық.
 
Айта кетейік, кездесуде «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда облыстық штабы «Үздік Штаб» номинациясын иеленді. Іс-шараға еліміздің 20 өңірінен 2000-ға жуық жастар келіп, тәжірибе алмасты. Қатысушылар білім, спорт, өнер сайыстарында бақтарын сынап, жыл үздіктерін марапаттады.
 
46.jpg
 
47.jpg
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...