Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 мамыр 2023
  • 988

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қорқыт ата  атындағы Қызылорда университетінде Мұстафа Матаев 90 жылдық мерейтойына арналған студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Жаңа Қазақстан: мемлекеттің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жүйелерін дамытудың өзекті тенденциялары» тақырыбында өткен шараны «Жас заңгер» ғылыми-шығармашылық үйірмесі ұйымдастырды. Республикалық байқаудың ашылу рәсімінде Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияның мақсаты – еліміздегі студенттер арасында жемісті ғылыми пікірталас, заң ғылымы мен практикасына терең бойлауда белсенділіктерін арттыру.  

«Конференция аясында қазіргі заманғы заң доктринасы мен құқық қолданудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар 4 секция бойынша баяндама жасады. Жалпы биыл еліміздің Алматы, Тараз, Батыс Қазақстан, Талдықорған және Қызылорда қалаларынан 40-қа жуық білім алушы қатысып, өз жұмыстарын онлайн және офлайн форматта қорғады»,-деді заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Жұмагұлова.

58.JPG

59.JPG

Қатысушылардың зерттеу жұмыстарына  Қызылорда облыстық Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Гафур Утеев,  Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Нұрбол Әлкебайұлы, Қызылорда қалалық сотының судьяы Абдырахман Абдулла, Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Элмира Абдикаликова және Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Заң бөлімінің басшысы Хұсайын Қоразбаев баға беріп, ой-пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, екі күнге созылған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытынды жиынына Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Майнұр Бөрібаева қатысып, үздік жұмыстарды марапаттады. Атап айтсақ, әр секция бойынша жоғары нәтиже көрсеткен Меруерт Абдулла, Мерей Амангалиева, Анель Ахметқали және Нұрай Нұрлыбекқызы І орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Барлық жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естеліктер сыйлықтар табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...