Жас кәсіпкерлердің жобасы қаржылай қолдау тапты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 мамыр 2022
  • 1362

Жас кәсіпкерлердің жобасы қаржылай қолдау тапты

Елордада «3.2.1. Старт» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының басшысы Жанарыс Түбекбаев пен студент Айдос Елшібек байқауда жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге иеленді. Әріптестеріміз «Қаржылық сауаттылықты дамыту платформасы» жобасын ұсынған болатын. Байқауда18-35 жас аралығындағы жастар БҰҰ-ның тұрақты мақсаттары бойынша өз жобаларын таныстырды. Жас кәсіпкерлердің бизнес идеялары білім беру, таза энергия, су, қоқысты қайта өңдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Сайысқа 300-ден аса өтініш келіп түсіп, нәтижесінде 40 жоба жартылай финалға өтті. Комиссия оның ішінде ақтық сайысқа 10 жобаны іріктеп алды. Айта кетейік, "3.2.1.Старт!" жобасы 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін 15 жеңімпаз анықталып, жобаларын дамыту үшін қаржылай қолдау көрсетілді.  

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...