«Жасыл кафедра» пилоттық жобасы басталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 мамыр 2023
  • 1196

«Жасыл кафедра» пилоттық жобасы басталды

«Биология, география және химия» кафедрасында «Жасыл кафедра» пилоттық жобасы іске қосылды.

«Жасыл кафедра» пилоттық жобасы 8 негізгі бағыттан тұрады: биоалуантүрлілік, энергияны үнемдеу, суды үнемдеу, қалдықтармен жұмыс, ақпараттық-экологиялық жұмыс, «Жасыл ҒЗЖ» және «Жасыл СҒЗЖ», бітіруші кафедралардың «жасыл білім беру бағдарламалары», тұрақты даму үшін білім берудің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық білім беру жүйесін өзектендіру.

WhatsApp Image 2023-05-04 at 14.13.35.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-04 at 14.13.35 (1).jpeg

«Жасыл кафедра» жобасының міндеттері:

- практикалық дағдыларды игеру арқылы тұрақты даму мәселелерін шешуге қатысты білім алушылардың экологиялық бағдарланған мінез-құлқын қалыптастыру;

- білім беру мекемелерінің жұмыс практикасына биоалуантүрлілікті сақтау, энергияны үнемдеу, суды үнемдеу, қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды енгізу;

- білім алушыларды, оқытушыларды биоалуантүрлілікті сақтау, су ресурстары мен энергияны үнемдеу, қалдықтармен жұмыс істеу, тауарлар мен қызметтерді экологиялық сауатты тұтыну мәселелері бойынша хабардар ету;

- ЖОО-да «Жасыл кафедра» жобасын насихаттау;

- білім беру мекемелері және табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органдары, білім беру мекемелері мен жергілікті халық арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Жобаның ашылуына Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева, стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректоры Нұрлан Уразбаев, коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев және қала, аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар «Жасыл кафедра» пилоттық жобасының бағыт-бағдарымен танысып, «Биология, география және химия» кафедрасы жанынан ашылған «BIO CLUB», «CHEM CLUB» «GREEN CHEMISTRY» үйірмелерінің көрмесін тамашалады.

Алдағы уақытта «Жасыл кафедра» пилоттық жобасы аясында тұрақты даму мақсаттарын оқу үдерісіне кіріктіру және үздіксіз экологиялық білімді қалыптастыру мен насихаттау бағытындағы іс шаралар жоспарлануда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...