Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 мамыр 2023
  • 1070

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат» атты салтанатты жиын өтті. 

Мерекелік шарада Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова егемен еліміздің тыныштығын қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері – мемлекет қауіпсіздігінің, халықтың бейбіт өмірінің мызғымас кепілі. Бүгінде әлемдегі жер көлемі жөнінен аумағы үлкен мемлекеттің бірі, шекарасы шегенделген, жасампаз жолы айқындалған Қазақстанның ұлттық егемендігі мен тұтастығын нығайтуға кәсіби армиямыздың әлеуеті жоғары.

718.JPG

719.JPG

Еліміздің қаһарман ұлдары оқ пен от кешкен Ұлы Отан соғысында батыр бабаларымыз жанқияр ерліктің үлгісін көрсетті.

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына – 78 жыл. Осынау қаһарлы кезеңде майдангерлер халықты жаудан қорғау жолында жан аямай күрессе, елде қалған аға-апаларымыз жұдырықтай жұмылып, күн-түн демей еңбек етіп, оларға қолдау көрсетті. Біздің қазіргідей бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешуіміз – майдангерлер ерлігінің нәтижесі, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Шарада оқу орнының бірқатар қызметкерлері «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен», ректордың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, университетімізде үздік оқып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері атанып, еліміздің дамуына айрықша үлес қосып жүрген түлектерге «Үздік түлек» медалі табысталды.

721.JPG

724.JPG

725.JPG

Жиында Отан қорғаушылар күніне орай университет ғалымдары еліміздің қорғаныс жүйесіне сіңіріп жатқан еңбектерімен таныстырды. Ғалымдар мұнай қалдықтарын өңдеу, ІТ технологияларды қолдану арқылы қорғаныс құралдарын жасап шығарған.

Салтанатты шара патриоттық рухтағы мерекелік концертпен қорытындыланды.

Айта кету керек, 2000-2001 оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде алғаш рет әскери кафедра ашылды. Кафедрада әскери уақытта ұрыс міндеттерін орындауға қажетті білім мен дағдыға ие запастағы офицерлер дайындалады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

                             

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...