Өзбекстандық ғалымдар дәріс жүргізді 
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 мамыр 2023
  • 821

Өзбекстандық ғалымдар дәріс жүргізді 

М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессор-оқытушылары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларына дәріс өткізді.

Химия ғылымдарының докторы З.Сманова «Оптикалық талдау әдістері», химия ғылымдарының докторы Н.Кутлимурадов «Электрохимиялық талдау әдістері» тақырыбында сабақ өтті.

IMGL1123.JPG

Дәрістерге «Инжинирингтік технологиялар», «Биология, география және химия» кафедрасының студенттері қатысты. Сондай-ақ, С.Нұрманов «Өзбекстанның мұнай-газ өнеркәсібі», «Мұнай өнімдерін гидротазалау», «Мұнай өнімдерін өңдеу әдістері», «Күрделі қосылыстар», «Ацетилен көмірсутектерінің хикаясы», «Органикалық қосылыстарды винилдеу» тақырбында дәріс оқыды.  

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінен келген ғалымдармен кездесті.

Жүздесуде оқу орнының басшысы бауырлас елдер арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталып, білім саласындағы байланыс нығая түскенін атап өтті.  Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірнеше өзбекстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп мамандар даярлау туралы келісім жасаған болатын.

IMGL1108.JPG

IMGL1131.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...