Білім алушылар «Tech Orda мүмкіндіктері» атты кездесуге қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 мамыр 2023
  • 798

Білім алушылар «Tech Orda мүмкіндіктері» атты кездесуге қатысты

Kyzylorda HUB  және «Grand Master»  бағдарламалау мектебінің ұйымдастыруымен  «Tech Orda мүмкіндіктері»  тақырыбы  аясында Startup meetup өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты  − қатысушыларға технологиялар аясындағы мүмкіндіктерді, IT  бағытындағы тың идеялар мен  жаңалықтарды түсіндіру.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жиында  IT  саладағы алғашқы қадам,  Tech Orda бағдарламасы аясында тегін білім алу,  табысты маман атану  тақырыптарында білім алды.

«Grand Master»   бағдарламалау мектебінің директоры,  Senior developer Алмат Қуанышбаев Astana HUB халықаралық технопаркінің Tech Orda бағдарламасына ерекше тоқталды.  

Айта кетейік, Tech Orda бағдарламасы жеке IT мектептерін субсидиялауды және IT  маман болғысы келетін азаматтарға ваучерлер беруді қарастырады.

Веб-әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық және аппараттық құралдар жасау, Big Data, Blockchain үйрету  аясында қазақ, ағылшын және орыс тілінде жүргізілетін оқыту курсына қатысу  үшін  Astana HUB  халықаралық технопаркінің өңірлік офисі  Kyzylоrda HUB-тан кеңес ала аласыздар.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 12.31.30 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...