Алғаш рет түйежоңышқаны бүркемелі арпа дақылымен себу тәсілдері жүргізілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 мамыр 2023
  • 956

Алғаш рет түйежоңышқаны бүркемелі арпа дақылымен себу тәсілдері жүргізілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында зерттеулер жүргізуде.

Бүгінде Арал өңірінің шөлді аймағында түйежоңышқаны  бүркемелі арпа дақылымен себу, тұқым себу нормасына, су режиміне түйежоңышқа өнімділігінің әсерін зерттеу мақсатында тәжірибе жүргізілуде. Ғалымдар ғылыми жұмыстарды университеттің агробиологиялық орталығында жүзеге асыруда.

Түйежоңышқа – құрғақшылыққа, суыққа төзімді, топырақ талғамайтын өсімдік. Құрамында кумарин бар, белогы көп, витаминдер мен минералды тұздарға бай мал азығы. Түйежоңышқа ылғалы аз түсетін қуаңшылық жылдарында мол өнім бере алады.

759.png

WhatsApp Image 2023-05-11 at 16.54.52.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,  Инженерлі-технологиялық   институты,  «Аграрлық технологиялар» кафедрасының ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры Лаура Тохетова мен ауылшаруашылығы ғалымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Раушан Нұрымованың жетекшілігімен  білім алушылар Агробологиялық орталықта аймақтың қатал табиғи-климаттық жағдайына, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтсақ, АГР-20-1 тобының білім алушысы  Баянсұлу  Төлеген және «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының КД- 21-1 тобының білім алушылары  Диас Айболатов, Бектұрган Бексұлтан ЗУ-21-1   тобының білім алушысы  Ақберген Жасұлан зерттеу жұмыстарына қатысуда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...