Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына орай спорт  түрлерінен турнир өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 мамыр 2023
  • 881

Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына орай спорт  түрлерінен турнир өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор, қоғам қайраткері, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына арналған спорт  түрлерінен турнир өтті. Сайысқа өңіріміздегі құқықтық қызмет саласының қызметкерлері қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның ғылым мен білім саласын дамытуға қосқан үлесіне тоқталды. Белгілі ғалым сексен бес жылдан астам тарихы бар білім ордасында құқықтану кафедрасының негізін қалаған. 

P2244606.JPG

P2244585.JPG

Спорттық шарада облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ғалымның құрған кафедрасынан көптеген жастар білім алып, бірқатары ғылымнан орын тапқанын жеткізді.

- Облысымызда сот-құқық қорғау саласындағы жүздеген жауапты қызметкер осы кафедрадан қанаттанған. Мұстафа Матайұлы «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі болып 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Сол уақытта университет оқытушылары арасынан тұңғыш заң ғылымдарының кандидаттары шықты. Ғалымның өнегелі өмірін жастарға насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында бұл шара өте маңызды, – деді Наурызбай Сейітқалиұлы.

Турнирде қатысушылар шахмат, жүзу, футзал, арқан тарту спорт түрлерінен сынға түсті.

Шарада жеңімпаздарды Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева марапаттады.

Шахмат бойынша 1 орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, 2 орынды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, 3 орынды Қызылорда облыстық әділет департаменті иеленді.

P2244557.JPG

IMGL1997.JPG

Жүзуден 1 орынды Қызылорда облысының Полиция департаменті, 2 орынды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, 3 орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті еншіледі.

Футзалдан 1 орынды ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі, 2 орынды Қызылорда облысының прокуратурасы, 3 орынды Қызылорда облысының Полиция департаменті иеленді.

Арқан тарту бойынша 1 орынмен Қызылорда облысының Полиция департаменті, 2 орынмен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, 3 орынмен ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі марапатталды.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы кубок, дипломдар мен сыйақы табысталып, үздік ойыншылар марапатталды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...