Қызылордада алғаш рет Pizza Pitch өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 мамыр 2023
  • 857

Қызылордада алғаш рет Pizza Pitch өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Kyzylorda HUB бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен Pizza Pitch өтті.    

Pizza Pitch  жиынында қатысушылар өз бизнес жобаларын кең аудиторияға таныстырып, сарапшылардан кәсіби баға алды. Сондай-ақ, жобаларды әрі қарай дамыту бойынша кеңес пен практикалық ұсыныстар айтылды.

Шараның басты мақсаты  −  жас кәсіпкерлерді қолдау, спикерлік дағдыларын дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру. Жиынның ерекшелігі – қатысушыларға жүлде берілмейді және көпшілікке пицца таратылады.

767-1.png

Жиын барысында түрлі бағыттағы 10 жоба таныстырылды.  Сарапшылар – «Grand Master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев, Экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев, Kyzylorda HUB  бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Тубекбаев, Рекрутинг және мансап  басқармасының басшысы Жандос Оразмаханов қатысушыларға жобаны дамыту бойынша кеңес берді.

Айта кетейік, Astana HUB халықаралық стартаптар технопаркінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік офисі ретінде   Kyzylorda Hub жұмыс істейді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...