Томск политехникалық университетінің профессоры дәріс жүргізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 мамыр 2023
  • 964

Томск политехникалық университетінің профессоры дәріс жүргізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова Томск политехникалық университетінің Табиғи ресурстар инженерлік мектебінің профессоры, биология ғылымдарының докторы – Наталья Барановскаямен кездесті.

Шетелдік оқытушы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ресейдің Томск политехникалық университеті арасында жасалған келісім-шарт негізінде білім алушыларға дәріс береді.

Атап айтсақ, «Биология», «География», «География-Тарих», «Химия» білім беру бағдарламалары және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай газ ісі», «Тау-кен ісі», «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау», «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламалары бойынша «Эколого-геохимические изменения биосферы» тақырыбында дәріс оқыды.

Сондай-ақ, «Биология» БББ докторанттарына ғылыми кеңес беріп, университеттің бітіруші түлектерімен кездесті. Томск политехникалық университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экология және табиғатты пайдалану» қос дипломдық ББ бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе алмасты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...