Жоғары білім беруді интернационалдандыру: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 мамыр 2023
  • 1537

Жоғары білім беруді интернационалдандыру: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары білім беруді интернационалдандыру: тәжірибе, проблемалар және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция «Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» атты гранттық  жоба аясында ұйымдастырылды.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова «Үйдегі интернационализацияны дамыту: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің негізінде» тақырыбында баяндама жасады.

P2255295.JPG

P2255305.JPG

Оқу орнының басшысы интернационалдандыру бүгінгі студенттердің білімін, құзыреттілігін және дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

- COVID-19 және геосаяси тұрақсыздық студенттердің академиялық білім игеруіне кедергі келтірді. Осылайша үйдегі интернационалдандыру ұғымы пайда болды. «Үйдегі интернационализация» кез-келген азаматтың қозғалу мүмкіндігінің болуына немесе болмауына қарамастан (ұтқырлықты жүзеге асыруға), жаһанданған әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындайтын білім алуға құқығы бар екенін көрсетеді.

«Үйдегі интернационалдандыру» тұжырымдамасын іске асыру үшін Қорқыт Ата Университеті «виртуалды ұтқырлық» бағытын дамытуды қолға алуда, бұл біздің студенттерге өз елімізден шықпай-ақ семестр немесе бүкіл академиялық жыл ішінде онлайн білім алуға мүмкіндік береді, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Жиынға Америка құрамы штаты, Джорджия университетінің Фулбрайт бағдарламасының қызметкері Келси Дабровски, Ресей федерациясы Томск қаласы, Томск политехникалық университетінің Табиғи ресурстар инженерлік мектебінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Наталья Барановская, Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, социология ғылымдарының кандидаты Ленар Галиев, Өзбекстан республикасы, Гүлістан қаласы, Гулистан мемлекеттік университетінің философия докторы PhD  Багдат Уразов, Astana IT University бірінші проректоры, экономика ғылымдарының докторы,  профессор Серік Өмірбаев, ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді интернационалдандыру басқарма меңгерушісі Рауза Мендалиева, ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Сәкенова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Стратегиялық жоспарлау орталығының директоры Қазтаева Адина қатысты.

P2255380.JPG

P2255301.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің және облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен білім алушылары, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысты.

Жиында ғалымдар халықаралық білім беру, интернационалдандыру тақырыбын талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...