Олимпиада жеңімпаздары анықталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 17 мамыр 2023
  • 1069

Олимпиада жеңімпаздары анықталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 11-15 мамыр аралығында «Биология», «География» және «Химия» пәндері бойынша облыстық олимпиада өтті. Жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиданың мақсаты – оқушыларды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне оқуға түсуге ынталандыру, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықтарын арттыру.

Олимпида екі тілде (қазақ және орыс) өткізілді. Іріктеу кезеңінде оқушыларға таңдаған пәндері бойынша тест тапсырмалары берілді. Қатысушының жинаған ұпайын бағдарлама автоматты түрде шығарды.

Ақтық кезең Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №9 оқу ғимаратында өткізілді. Қатысушыларға практикалық тапсырмаларды орындауға 3 сағат уақыт берілді.

Нәтижесінде «Биология», «География» және «Химия» пәндері бойынша төменде тізімдегі оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Жүлделі орындар беріліп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

WhatsApp Image 2023-05-17 at 17.07.10.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-17 at 17.07.11 (1).jpeg

 

«Биология» пәні бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне 326 оқушы қатысты. Шекті балл жинаған 19 оқушы екінші кезеңге өтті.

І орын – Қызылорда қаласы, №172 орта мектеп оқушысы Бектұрсын Аяулым

ІІ орын – Қызылорда қаласы, №144 орта мектеп оқушысы Әбдіхамит Жандос

ІІ орын – Қызылорда қаласы, №172 орта мектеп оқушысы Ерболатқызы Парда

ІІІ орын – Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицей оқушысы Көбек Әсел

ІІІ орын – Арал ауданы, № 82 орта мектеп оқушысы Жұмадин Нұрислам

ІІІ орын – Жаңақорған ауданы, №110 мектеп-лицей оқушысы Әбсадықова Ұлжан

 

«География» пәні бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне 188 оқушы қатысты. Шекті балл жинаған 25 оқушы екінші кезеңге өтті.

І орын – Қызылорда қаласы «Абай» атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқушысы Елтай Ақерке

ІІ орын – Қызылорда қаласы, №211 орта мектеп оқушысы Абдумуслим Анель

ІІ орын – Қызылорда қаласы, №1 мектеп-гимназия оқушысы Досболова Аружан

ІІІ орын – Қызылорда  қаласы, №12 ІТ мектеп-лицей оқушысы Аманжол Аида

ІІІ орын – Шиелі ауданы, №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназия оқушысы Бекенов Айқын.

 

«Химия» пәні бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне 66 оқушы қатысты. Шекті балл жинаған 20 оқушы екінші кезеңге өтті.

І орын – Қызылорда қаласы, №271 орта мектеп оқушысы Сейтхан Ақмарал

ІІ орын – Қармақшы ауданы, №250 мектеп-лицей оқушысы Әлиасқар Назерке

ІІ орын – Сырдария ауданы, №42 мектеп-лицей оқушысы Есіркепқызы Ақжан

ІІІ орын – Шиелі  ауданы, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей оқушысы Жақсылықова Сәния

ІІІ орын – Қызылорда қаласы, №12 IT мектеп-лицей оқушысы Ақарыстан Нұрай

ІІІ орын – Қызылорда қаласы, «Абай» атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқушысы Ауелхан Дінмұхаммед Жанболатұлы

Екінші кезеңге өткен барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Олимпиада қатысушыларын жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Білім жолында жетістіктерге жетіп, биік асуларды бағындыруын тілейміз

WhatsApp Image 2023-05-17 at 17.07.12.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-17 at 17.07.13 (1).jpeg

                                       Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru


 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...