«Жоғары білім беру жүйесіндегі микроквалификациялар: тұжырымдама, әдістеме және принциптер»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 мамыр 2023
  • 974

«Жоғары білім беру жүйесіндегі микроквалификациялар: тұжырымдама, әдістеме және принциптер»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары білім беру жүйесіндегі микроквалификациялар: тұжырымдама, әдістеме  және принциптер» тақырыбында семинар өткізілді.

Дәрісті Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры, Халықаралық ақпарат академиясының  академигі, Қазақстан экономикалық ғылымдар академиясының академигі, Еуразия халықаралық экономика Академиясының профессоры,  экономика ғылымдарының докторы, профессор, Astana IT University ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев жүргізді.

Семинарда ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамытудың  2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамалары, үздіксіз білім беру  жүйесін дамыту және формалды емес білім беру нәтижелерін тану, Еуропа университеттеріндегі микроквалификация бағдарламаларының тәжірибесі қарастырылды.

Алғашқы күні «Микроквалификация және Балон негіздері мен міндеттемелері», «Жоғары білім беру жүйесіндегі микроквалификация», «MOOC және микроквалификация байланысы», «Формалды емес білім берудегі микроквалификация»,«Микроквалификация: мәні, мақсаты мен белгісі, еуропалық тәсілдер», «Микроквалификация   бағдарламасы: мазмұнды қалыптастыру принциптері мен тәртібі» тақырыптары қамтылды.

Ал, екінші күні «Микроквалификация бағдарламалары: игеру тәртібі мен нысандары, оқу үдерісіндегі жұмыс тәжірибесі», микроквалификацияны тану, құжат нысандары бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. 

Семинарға институт директорлары, кафедра меңгерушілері , профессор -  оқытушы құрамы мен құрылым басшылары мен қызметкерлер қатысты.

95.jpeg

96.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...