«Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының рөлі»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 мамыр 2023
  • 1220

«Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының рөлі»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақ-Жоңғар соғыстары: батырлар институтының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылар қатысты.

IMGL2973.JPG

IMGL2989.JPG

Жиында тарихи оқиғалардың маңыздылығы, қазақ батырларының ерлігі туралы кеңінен айтылды. «Дәстүрлі қазақ қоғамында батырлар институтының рөлі зор болған. XVI-XIX ғасырларда қазақ батырлары қаһармандықтың ерекше үлгісін көрсетті. Қазақ қоғамында батырлар институтының рөлі өте зор болды. Себебі, басқа елдерде көп жағдайда батырларда иерархиялық сатылық жүйе сақталған. Қазақ қоғамының батырларында жеке байланыстар жүйесі болды. Хандар мен сұлтандар да солардың ойымен санасып, пікірлескен. Батырлардың беделі, халықтың, елдің қорғаны ретінде жоғары бағаланған. Конференцияның маңызы зор. Болашақ ұрпақ батырлардың даңқты іс-әрекеттерін білуі керек», - деді Тастанбек Сәтбай.

Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Сәтбай «Батырлар қазақ қоғамының қорғаны», философия ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Алдажар Әбілов «Қазақ рухы және батырлық пен ерлік» тақырыбында, тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек «Қазақ-жоңғар соғыстарындағы қазақтың алғадай батырларының рөлі» тақырыбында және ZOOM платформасы арқылы ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Еңсенов «Қазақ-қалмақ шайқастарының тарихы», С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бауыржан Еңсепов «Сартай батыр туралы деректер» тақырыбында баяндама жасады.

IMGL2932.JPG

IMGL2954.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...