Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті келісім жасасты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 мамыр 2023
  • 1406

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті келісім жасасты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті (SEOULTECH) Lupic бағдарламасы аясында Қазақстанда ақпараттық технологиялар саласын дамыту туралы келісім жасасты.

Бұл ынтымақтастық Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттеріне Сеултех университетінің ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған оқу бағдарламасы негізінде оқуға мүмкіндік береді.

2030 жылға дейінгі LUPIC бағдарламасы бірнеше маңызды бастамаларды қамтиды.

Соның бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында жасанды интеллект мектебі мен бизнес-инкубатор ашу.

WhatsApp Image 2023-05-25 at 08.24.46.jpeg

Бағдарлама аясында Сеултех пен Қорқыт ата университетінің өзара тәжірибе алмасуы жоспарлануда. Сеултех профессорлары мен студенттері ақпараттық технологиялар саласында білім алуға және практикалық білім алмасуға шақырылады. Жасанды интеллект мектебі машиналық оқыту және терең оқыту  бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар, ол виртуалды және кеңейтілген шындықты (VR/AR) дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде инфрақұрылымды құру және оқытушыларды даярлауға баса назар аударылатын болады. Одан кейін білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейту үшін Сеултех пен Қорқыт ата университеті арасында оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуы басталады. Бағдарламаның үшінші кезеңінде бизнес процесс толығымен Сеултехтен Қорқыт ата университетіне ауысады.

Бұл бағдарламаның мақсаты жасанды интеллект, машиналық оқытуды дамыту, сондай-ақ VR/AR технологияларын қолдану және ақпараттық технологиялар саласындағы стартаптарды дамыту үшін берік негіз құру болып табылады. Сеултех пен Қорқыт ата университеті арасындағы бұл стратегиялық әріптестік білім алмасуға, мүмкіндіктерді кеңейтуге және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық дамуға ықпал етеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...