Каннам университетімен ынтымақтастық нығая түспек
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 мамыр 2023
  • 1032

Каннам университетімен ынтымақтастық нығая түспек

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері үшін маңызды жаңалық! Оңтүстік Кореяның беделді Каннам университетімен әріптестік байланыс нығая түсуде.

Қос университет 20 жылдан астам уақыт бұрын серіктестік орнатқан болатын. Содан бері жыл сайын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Каннам университетінде оқуға мүмкіндік алды. Бұл қызылордалық студенттердің ақпараттық технология саласында сапалы білім алуына, тәжірибе жинақтауына жол ашады.

Каннам – жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, электроника және бағдарламалық қамтамасыз ету, жалпы ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары деңгейлі мамандарымен танымал университет.

WhatsApp Image 2023-05-25 at 13.25.42.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-25 at 13.25.38.jpeg

Каннам университетімен ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтастықты нығайту IT саладағы студенттердің бірлескен жобалар мен зерттеулер жасауына, тәжірибе алмасуына ықпал етпек.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерін осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...