Профессор Владимир Трухачев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 мамыр 2022
  • 1663

Профессор Владимир Трухачев «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті

Тимирязев академиясының ректоры, Ресей ғылым академиясының академигі, профессор Владимир Трухачев «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасының қатысушыларымен өткен кездесуде тағылымдамадан өту нәтижелерін талқылады. Шара аясында университет басшысы Тимирязев академиясында тағылымдамадан сәтті өткен алғашқы стипендиат Самалбек Қосановқа сертификат табыстады.

Кездесуде Владимир Трухачев Тимирязев академиясы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандар мен зерттеушілерді даярлайтын үздік ресейлік 8 жоғары оқу орнының бірі екенін атап өтті. Бүгінде университет ауыл шаруашылығы саласы бойынша сапалы білім бере отырып, тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеуде.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаратылыстану институтының директоры Самалбек Қосанов Тимирязев академиясының базасында өткен үш айлық тағылымдаманы сәтті аяқтады. Осы ретте университет басшысы академиялық ұтқырлық туралы құжатты «Болашақ» бағдарламасының түлегіне табыстады.

«Мен үшін академия ауылшаруашылығы саласы бойынша білім мен ғылымның классигі. Үш айдың ішінде университеттің кафедраларын аралап, ғалымдармен, олардың еңбектерімен таныстым. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысып, біліктілікті арттыру курсында білімімді жетілдірдім. Тимирязев академиясының басшылығы мен ұжымына үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деді Самалбек Қосанов.

Елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы құрылған. Бағдарламаның мақсаты – әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде экономиканың басым секторлары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру. Осы уақытқа дейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам адам білім алды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...