Гранттық қаржыландыру конкурсы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 14 маусым 2023
  • 996

Гранттық қаржыландыру конкурсы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2023-2025 жылға арналған «ҒҒТҚН коммерцияландырудың перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру» конкурсы бойынша семинар өтті.

Шараға «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Серік Мәжікенов, бас менеджері Серік Сәдуақасов және оқу ордасының ғалымдары мен профессор-оқытушылары және қатысты.

Семинарда конкурстың мақсаты мен талаптары, қажет құжаттары толығырақ түсіндірілді.

- Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдар аралығы болып бекітілді. Міндетті түрде жоба жетекшісі тағайындалып, топта 4-6 адам жұмыс жасауы қажет. Биылдан бастап жобада коммерцияландыру жөнінде есепші мамандарының болуы міндеттеледі. Себебі, гранттық қаржы мемлекет есебінен беріледі, – деді Серік Мәжікенов.

Сонымен қатар, конкурсты өткізу процесі бойынша сұрақтарға жауап берілді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...