Магистрлік диссертация қорғалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 маусым 2023
  • 1214

Магистрлік диссертация қорғалды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры Бисенов Қылышбай  Алдабергенұлының  ғылыми жетекшілігімен «7M07365-Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қайта жаңғыртудың экологиялық және экономикалық тиімділігі» және «BIM технологиясын жобалау жұмыстарында және құрылыста қолдану» тақырыптарында Абилбаева Раушан Муратовна мен Жақаш Дәулет Қайратұлы қорытынды аттестаттау комиссиясында магистрлік диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады.

354213025_288893527129286_2268621968021642213_n.jpg

354541892_288893487129290_2361640664940730951_n.jpg

Осы орайда білім мен ғылымның дамуында зор үлес қосқан, білім алушыларға дәріс беріп, әлемдік тәжірибесімен бөлісіп, магистранттарға жоғары деңгейде ғылыми жетекшілік еткен техника ғылымдарының докторы, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры Қылышбай  Бисенов ұсынылған тақырыптарға сәйкес бірқатар мәселелерді атап өтті.

- Қызылорда облысы және қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі. Арал өңірі аумағындағы халықтың денсаулығына экологиялық мәселелердің кері әсерін тигізуі ерекше маңызды. Сондықтан Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қайта жаңғырту халықтың хал-ахуалын, денсаулығын қамтамасыз етуде, әрі Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау мақсатында экологиялық және экономикалық жағынан да өте өзекті, ˗ деді Қылышбай Алдабергенұлы.

Зерттеу барысында Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырларының жұмысын жаңғырту және сумен жабдықтау жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігін арттыру шешімдері ұсынылған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда құрылыс саласында өзекті мәселенің бірі BIM технологияларын қолдану, жобалау компанияларының даму перспективаларын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. 2020 жылдың 1-30 маусым аралығында ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен «Компаниялардағы BIM технологияларын дамыту және қолдану деңгейі» зерттеуі бұл салада әлі де ғылыми тұрғыдан зерттеліп, нақтылануға тиісті мәселелердің барын көрсете отырып, өзектілігі айқындалған.

Ақпараттық-технологиялық процестерде ресурстарды пайдалану критерийі бойынша BIM технологиясын енгізу стратегиясын таңдаудың моделі және енгізу стратегияларының классификациясы ұсынылған. Жобалау компаниясының даму сатысына байланысты ақпараттық модельдеуге көшу процестерінің тиімділігін бағалау үшін методологиялық ұсыныстар әзірленгенін жіті жеткізді және магистранттардың алға қойған міндеттерін шешуде өздерінің табандылықпен жұмыс атқарғанын атап өтті.

Қорытындылай келе, аталған магистранттарға техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алуға лайықты екендері бірауыздан мақұлданды.

354214861_288893517129287_2812014484910967109_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...