Аралық қорытындылар: 169 мың рет ҰБТ тапсырылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 маусым 2023
  • 989

Аралық қорытындылар: 169 мың рет ҰБТ тапсырылды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
​ҰБТ басталғалы шекті балды 77% - дан астам талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны еліміз бойынша үш талапкер жинаған.
- «ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тестілеудің екінші мүмкіндігін тапсыруда. Осы аптада біз IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын «Ағылшын тілі» бойынша ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын жарияладық. Сондай-ақ, SAT, ACT, IB, A-Level стандартталған тест балдары бекітілді. Осы сертификат иегерлеріне нәтижелерін ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 229 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...